Келер жылы Қазақстан-Дания дипломатиялық қарым-қатынасына 35 жыл толады

Келер жылы Қазақстан мен Дания елдерінің дипломатиялық қарым-қатынасына 35 жыл толады. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесуінде айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді. Бұл ретте өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті. Мемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Өз кезегінде Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды. Бұдан бөлек, ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.

Сондай-ақ оқыңыз: