Өнеркәсіпке AI енгізудің бірыңғай тетігі құрылады

«Өндірістік Deep-Tech жобаларды ілгерілету және мықты технологиялық командалар жасақтау өте маңызды». Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында Президент осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бастаманы іске асыратын топтың құрымына ғылыми қауымдастық, технологиялық компаниялар мен стартаптар экожүйесінің өкілдері енуі қажет. «AI Challenge» механизмін қолданған тиімді деп атап өтті мемлекет басшысы. Бұл іске «цифрлық көшпелілер» мен талантты жастарды тартуға болады. Үкіметке жасанды интеллектіні өнеркәсіпте пайдалану міндеттерін шешудің бірыңғай механизмін құру жөнінде тапсырма берілді. Оның аясында лайықты команданы таңдаудан бастап, нәтижені сынақтан өткізу және экономикалық тиімділігін бағалау кезеңдері түгел қамтылуға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: