Словения Қазақстанмен дипломатиялық байланысты жоғары бағалайды
Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынасқа келер жылы 35 жыл толады.
Бұл туралы Словенияның Сыртқы істер министрі Тоне Кайзер мәлімдеді. Министр Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен өзара сенімнің маңызын атап өтті. Тараптар көлік-логистика, жоғары технологиялар және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
Тоне Кайзер, Словения Сыртқы істер министрі:
- Словения атынан Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаймын! Елге бейбітшілік, өркендеу мен жарқын болашақ тілеймін. Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес. Келер жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады. Осы уақыт ішінде мемлекеттеріміз берік достық орнатып, жан-жақты ынтымақтастыққа жол ашты.