«ҚазАвтоЖол» банктермен келісім жасады

«ҚазАвтоЖол» қазақстандық үш банкпен кредиттік келісімге қол қойды. Halyk Bank, ЦентрКредит және Еуразиялық банк кіретін синдикат ұлттық компанияға 700 млн долларға дейін қаржы береді, деп хабарлайды 24KZ.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл – жол құрылысына жаңа қарыз алу емес, қолданыстағы міндеттемелерді коммерциялық банктер арқылы қайта қаржыландыру. Келісім мерзімі 2034 жылға дейін белгіленген. Демек, Қазақстанның Даму банкіндегі қаражаттың бір бөлігін босатып, оны жаңа басым инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға жол ашылады.

Сондай-ақ оқыңыз: