Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қоғам президенттің Жолдауын қолдап отыр.
Осылай деген Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекет басшысының жолдауына қатысты ой-пікірін ортаға салды. Отырыстың негізгі тақырыбы ретінде азаматтық заңнаманы жетілдіру, Азаматтық кодексті әзірлеу және құқықтық реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері таңдалды. Жиынға заң қоғамдастығының, адвокатура мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Кәсіби және азаматтық қоғам өкілдерінің заңнамалық бастамаларды талқылауға қатысуы заңдарды жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді.
Марат Бәшімов, ҚР Әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Құрылтай депутаты:
- Қоғам Президенттің жолдауын қолдап отыр. Бүгінгі қоғамдық кеңестің бірінші мақсаты - біздің заң саласындағы өзгерістер. Бүкіл заңның бәрін Ата заңға сәйкестендіру керек деген мақсатты қойып отыр Президент. Екіншіден, бюджет кодексіне, салық кодексіне басқа кодекстерге өзгерістерді кіргізу керек. Бірінші орында азамат тұр. Оның құқықтары тұр. Оның бостандықтары тұр. Сол үшін Азаматтық кодексті қабылдағанда бірінші мақсат сол.