Қостанай облысының тұрғындары сайлау учаскесін онлайн біле алады

Фото: gov.kz

29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай Қостанай облысының тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін онлайн біле алады. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Сайлау учаскесі туралы ақпаратты арнайы веб-сервис және Telegram чат-боты арқылы білуге болады. Сондай-ақ 1315 нөміріндегі бірыңғай Call-орталыққа хабарласуға мүмкіндік бар.

Әкімдік мәліметінше, азаматты белгілі бір сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның сол учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізге алынады.

Сондай-ақ оқыңыз: