Ел бойынша сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берген – ОСК

Ел бойынша сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берген – ОСК

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы сайлаушылардың жартысынан көбі өз таңдауын жасаған.

Қазіргі көрсеткіш 52,5 процентті қамтыды. Жамбыл өңірінің сайлаушылары белсенді. Облыс сайлаушыларының 63 проценті дауыс берген. Қалалардың ішінде Шымкент көш бастап тұр. Мұнда сайлаушылардың жартысына жуығы таңдау жасаған. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі. Мегаполис сайлаушыларының әзірге отыз проценті ғана дауыс берді.