Қ.Тоқаев Камчаткадағы ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», - делінген Президенттің жеделхатында.