Елбасы: Біздің мақсатымыз – 2050 жылы әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу

Жаһандық дағдарыстарға тек халықаралық ынтымақтастық орнату арқылы төтеп беруге болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саяси партиялар көшбасшылар саммитінде осылай деп мәлімдеді.

Онлайн форматта өткен басқосу Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиында еліміздің Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының қызметі мен Қазақстанның алдағы жоспарлары жайында баяндады.

«Халықты бақытқа бастау – саяси партиялардың жауапкершілігі». Бүгін Қытай елінің коммунистік партиясы осындай атаумен бейнеконференция ұйымдастырып, бірқатар елдің саяси бірлестік көшбасшыларын бір алаңға жинады. Алқалы жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

Тұңғыш Президент партиялардың геосаяси ахуалды реттеуге өз үлесін қосу қажеттілігін атап өтті. «Nur Otan» мен Қытай коммунистік партиясының екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігін дамытудағы рөлі зор» - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы:

- Тема саммита «Стремление к счастью народа – ответственность политических партий» очень актуальна и отражает сердцевину работы политической партии «Nur Otan», которую я возглавляю. В нынешнем году независимости моей страны исполняется 30 лет. Будучи правящей силой все эти годы, мы в партии с самого начала определили свой главный приоритет: ее победы и достижения не имеют ценности, если не ведут к росту благосостояния сограждан и общества в целом.

Қазақстанның басты мақсаты – 2050 жылға дейін 30 дамыған елдің қатарына қосылу. «Nur Otan» партиясы осы міндетті орындауға сүбелі үлес қосып жатыр. Саяси бірлестік алғашқы күннен бастап халық пен тұтас қоғамның әл-ауқатын арттыруға басымдық берді. Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус пандемиясы кезінде бүкіл елдің партиялары бірлесіп, жаһандық дағдарысқа төтеп беру керек екенін ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы:

- Пандемия COVID-19 еще раз доказала, что эффективно ответить на глобальные вызовы можно лишь при условии международного партнерства и взаимной поддержки. Политические партии могут и должны сыграть здесь свою положительную роль. При этом очевидно, что современная модель международных отношений должна быть основана на равноправии, взаимном уважении традиций, ценностей и особенностей всех сторон.

«Nur Otan» партиясының төрағасы қазір әлемнің барлық елдері арасында COVID-19-ға қарсы вакциналарды біркелкі және әділ тарату ісінде кооперациялық тәсілді пайдалану қажеттігіне де тоқталды. Сондай-ақ Елбасы саяси бірлестіктердің жаһандық сын-қатерлерді барынша азайту және дамудағы теңсіздікті азайту бағытындағы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Авторлары: Дариға Ташенова, Шахмұрат Ешпаев