Барлық жерде сайлау заң аясында өтті – Саиров

Барлық жерде сайлау заң аясында өтті – Саиров

«Елдегі әкімдер сайлауы жаңа демократиялық қоғамның баспалдағы. Науқан барлық заң талаптарына сай өтті».

Бүгін елордада бас қосқан ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері бір ауыздан осындай пікір білдірді.

Айтуларынша, ауыл әкімі атануға үміттілердің көбі өзін өзі ұсынған. 2500 кандидаттың тек 730-ы партиялар атынан сынға түсіп отыр. Яғни халық арасында алдымен ауылдық деңгейдегі атқарушы билікке, кейін одан жоғары лауазымдарға баруға ниеттілер көбейген.

Ерлан Саиров, ҚР Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Барлық жерде сайлау заң аясында өтті. Халықтың сайлауға келу проценті жоғары. Кей жерлерде 80 проценттен асады. Бұл солардың сайлауға қызығушылығын, халық үшін маңызды екенін сезіну деп ойлаймыз.