Қ.Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ

Қ.Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ
RT на русском

Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. 

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.

«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда, БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады», – делінген жазбада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ауғанстандағы жағдайға байланысты жиын өткізгенін хабарлағанбыз. Президент осы жайтқа қатысты өз пікірін де білдірген.