Су проблемасы трансшекаралық өзендерді тең пайдалану мәселесіне тіреліп тұр

Орталық Азия елдеріндегі су проблемасы трансшекаралық өзендерге тікелей байланысты.

«Өңірде тұщы су қоры жеткілікті» дейді зерттеушелір. Тек трансшекаралық өзендерді тең әрі тиімді пайдалану мәселесі дұрыс жолға қойылса болғаны. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Water Hub» халықаралық семинарында айтылды. Іс-шара Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бастамасымен өткен. Семинарға Батыс Афирика елдерінің ғалымдары да онлайн қатысты. Онда Африкадағы ауыз су мәселесі де сөз болды. Мысалы, құрлықтағы Конго, Ніл және Нигер өзендерін тиімді пайдалану және тұщы суды сақтау жолдары айтылды.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Африка халқының 40 проценті ауыз суға зәру.

Ерлан Байдәулетов, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры:

- Ол жердегі 4-5 ай өздерінің өзеніндегі суды пайдаланады, сосын 1-2 айдан жаңбырмен келетін суды пайдаланып, соны сақтандырып, соны ішуге және ауыл шаруашылыққа пайдалануға жобалар және технологиялар қазіргі түрде оларға жеткізіледі деген ойымыз бар.