426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сенатта Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері талқыланды

  • 180
  • UPD: 16:59, 20.09.2021
Сенатта Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері талқыланды Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – теңіз ортасы мен теңізге жақын орналасқан құрлыққа едәуір трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық тұрғыдағы қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін өткізу», – деп атап өтті сенатор Абдалы Нұралиев отырыс барысында.

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, хаттаманы ратификациялау қоршаған ортаны бағалау және оған әсер ету жөніндегі заңнамалық және әкімшілік шараларды қабылдауға мүмкіндік береді және осы рәсімге жұртшылықтың бастапқы кезеңнен бастап тиімді қатысуын қамтамасыз етеді.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы