Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасының басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.