Қ.Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдерге ұсыныс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге пандемияға қарсы бірлескен жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

Мұны Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

«Індетпен күресте оң нәтижелерге қарамастан, біздің елдеріміз әлі де қиын жағдайда тұр. Жаңа штамдар пайда болып жатыр. Оның үстіне вакцина алған адамдардың қатары аз», ­– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан соң Қазақстанның өзіндік вакцина жасағанын қаперге салды. Қазір екпенің дүниежүзілік ұйымдар тарапынан мойындалуын күтіп отырғанымызды айтты. Кейін пандемиямен күресте күш біріктіру керек екенін де тілге тиек етті. Яғни фармацевтика және ғылым саласында бірлескен жоба әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды үйлестіру қажет.