Грузия саясаткерлері Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Грузия саясаткерлері Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен Грузия саясаткерлері де құттықтады. Олар әуелі қос елдің арасындағы қарым-қатынас тарихының тереңге кеткенін атап өтті. Содан кейін бұл байланысты одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.

Айта кетейік, қазір Қазақстан мен Грузияның бірқатар саласында ынтымақтастық берік орнаған. Туристер саны да жылдан жылға артып келеді.   

Давид Чичинадзе, саяси қайраткер:

– Пайдалы қазбаларға бай әрі өндірістік әлеуеті зор Қазақстанға еуропалық нарық қажет. Осы бағытта Грузия сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастық орнатуға әзір деп ойлаймын. Бірлескен кәсіпорындарды осында құру керек. Грузияның Еуроодақпен еркін сауда жасау келісімі бар және бірлесіп шығарған өнім қос елге де пайда әкеледі.

Ираклий Заркуа, Грузия Парламентінің депутаты:

– Қазақстанмен қарым-қатынас біз үшін өте маңызды, өйткені ондаған жылдарға жалғасқан байланысымыз бар, экономика мен сауда дамып келеді. Сондықтан Грузия халқының атынан Қазақстанды құттықтап, одан әрі гүлдене берулеріңізді тілеймін.