Бейбіт Исабаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтады.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Сондай-ақ Президент Бейбіт Исабаевты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігі басшысы лауазымынан босатылды.