478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл егістік алқабы кеңейтіледі

  • 170
  • UPD: 13:14, 18.01.2022
Биыл егістік алқабы кеңейтіледі

Импортқа иек артпай, ішкі нарықта азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін біркелкі шаралар қолға алынады, деп хабарлайды Хабар 24.

Алдымен биыл егістік алқаптары кеңейтілмек. Көктемде ауыл шаруашылығы дақылдарын шамамен 23 млн гектар жерге себу жоспарланып отыр. Бұл былтырғы көлемнен 13 жарым мың гектарға артық. Мұны ауыл шаруашылығы министрі айтты. Алайда қиындық болуы мүмкін. Ербол Қарашөкеев былтырғы құрғақшылық, сондай-ақ қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштардың күрт қымбаттауы егіс науқанын уақтылы бастауға, әрі жұмысты сапалы жүргізуге кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Министр «Кең дала» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен шаруаларға жеңілдікті несие беруді 140 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынды. Ал қазір диқандарды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы