Президенттің қай бастамасы қолдау тапты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды реформалау керек деген бастамасын халықтың 94 проценті қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары осындай дерек келтірді. Олар қаңтардағы қырғыннан кейін ел арасында сауалнама өткізген. Оған қатысқандардың дені – елде оң өзгеріс боларына бек сенеді. Бұқара инфляция енді 3-4 процент деңгейінде сақталады, шетке кеткен қаржы елге қайтарылады және діни экстремизиммен күрес күшейе түседі деген бастамаларды қолдап отыр.