Украинада ТЖ туындаған жағдайда Қазақстан Елшілігі қызметкерлеріне қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

Украинада ТЖ туындаған жағдайда Қазақстан Елшілігі қызметкерлеріне қауіпсіздік қамтамасыз етіледі
Ratel.kz

Украинада төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтудың іс-шарасы жүргізіледі.

Бұл шара дипломаттарды эвакуациялаудың арнайы тәртібі бойынша жүргізілмек. Оның ішінде әуемен де, жермен де эвакуациялау көзделген.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елшілік қызметкерлері аталған нұсқаулықты жақсы біледі. Бұдан бөлек Қазақстан азаматтары үшін "жедел желілері" жұмыс істейтін болады. Консулдар және Қазақстан азаматтарын қайтаруға қолғабыс көрсету және басқа да тиіс жұмыстар жүргізіледі. Украинадағы қазақ диаспорасы өз көмегін көрсетуге дайын екенін білдірді.