Қ.Тоқаев: Қазақстан арағайын болуға дайын

Украина мен Ресейді татуластыру үшін Қазақстан қолдан келгеннің бәрін жасауға әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев кескілескен соғысты тоқтату үшін қос тарапты ортақ мәмілеге келуге шақырды. Өкінішке қарай Минскідегі келіссөздер тек қағаз жүзінде қалды. Себебі әскери ұрсы әлі жүріп жатыр. Геосасяи жағдай тіпті ушыға түсті. Енді осы Украина аумағындағы ұрыс-керісті дереу доғару үшін Мемлекет басшысы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тек сенім керек екенін тілге тиек етіп, бейбіт өмірсіз дамудың болмайтынын еске салды.