Қазақстандықтардың саяси институттарға деген сенімі қандай

Қазақстандықтардың саяси институттарға деген сенімі қандай

Мемлекет халықтың үніне құлақ асатынына қазақстандықтар кәміл сенеді. Алайда Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының тұрғындары бұл пікірмен келісе қоймайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қазақстандық зерттеулер институты жүргізген мониторинг қорытындысы дәлел. Ақпанда жүргізілген сауалнама кезінде дәл осы үш өңірдегі респонденттердің жартысынан астамы «естуші мемлекет қағидасының» іске аспағанын келтірген. Дегенмен Президентке сенім көрсеткіші сәл артқан. Былтыр қарашада жүргізілген сауалнама кезінде қатысушылардың 79%-і Мемлекет басшысына сенетінін айтқан. Ақпан айында бұл көрсеткіш 81,4 процентке жетті. Алайда Үкімет, Парламент, жергілікті әкімдер, мәслихат пен саяси партияларға деген сенім біршама азайғаны мәлім болды. Жалпы «Қоғам келбеті» жобасы аясында жүргізілген сауалнамаға еліміздің 14 өңірі мен 3 мегаполисінен 6 мың  800 адам қатысқан. Зерттеу аумағы 185 ауылдық және қалалық елді мекенді қамтыды. Зерттеулер институтының мамандары келтіргендей, бұл сауалнама сандық көрсеткіштерді ғана анықтауға арналған.  

Жанна Кәрімова, әлеуметтік зерттеу бөлімінің жетекшісі:

– Тиісінше әртүрлі көрсеткіштердің өзара байланысы бар екенін анықтай аламыз. Мысалы, адамның көбінесе әл-ауқаты төмен болатын болса, оның саяси институттарға сенімі төмен болады. Осындай корреляция бар. Биыл мәселен, біз фокус-группаларды жүргізу қарастырылған. Осындай фокус-группаларды жүргізгенде әртүрлі әлеуметтік топтарды жинап, олармен талқылау жүргіземіз. Олардың саяси институттарға сенімінің себебі неде? Олар саяси институттардың тарапынан қандай шешімдерді күтеді деген сияқты. Енді тенденцияларды алатын болсақ, әлеуметтік жағдай әлі де толғандырады.