АҚШ санкциясының Ресейге әсері шамалы – сарапшы

«АҚШ президентінің Ресей мұнайы мен өзге де энергия ресурстарын импорттауға тыйым салуы Ресей экономикасына айтарлықтай нұқсан келтірмеуі мүмкін». Кей сарапшылар осындай пікір білдіріп жатыр.

Дерекке қарағанда былтыр Құрама Штаттар бұл елден айына 20 миллион баррель қара алтын сатып алған. Бұл АҚШ-тың шетелдерден алатын жалпы мұнайының 8 проценті ғана.

Рандольф Белл, ғаламдық энергетикалық орталықтың бас директоры:

– АҚШ Ресейге мәселе тудыратындай көлемде мұнай мен газ импорттап жатқан жоқ. Сондықтан бұл қадам экономикалық емес моральдық тұрғыдағы қысымға көбірек ұқсайды. Бірақ Еуропа елдері Ұлыбритания сияқты жаппай әрекет ететін болса ғана экономикалық салдары ауыр тиюі ықтимал.