Президент туыстары туралы заң: мұны ертерек қабылдау керек еді

Президент Жолдауынан кейін оны қолдау бағытында қызу пікірлер айтылып жатыр. 

Күн тәртібі тікелей эфиріне белгілі заңгер, құқықтанушы Рамазан Сәрпеков қатысты

Жолдауда Мәжілісті қана емес, Президент мәслихаттты да күшейту керек екеніне баса назар аударды. Енді облыс, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын кезде Президент кемі екі үміткерді ұсынады. Олардың қайсысы лайық екенін мәслихат шешеді. Сосын мәслихат төрағасы болады. Бұрын ондай жоқ еді. Осы тақырып жөнінде Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Айдын Иманбеков тікелей эфирге қосылды.

Сюжет: Өңірлерді қаржыландыру жүйесі қайта қаралады   

Сондай-ақ тікелей эфирге Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы Майдантал ауылдық округі әкімі Жандос Досболов қосылды. Спикер жергілікті жердегі мәселелені түбегейлі шешуде қандай кедергілер бар? Округке тиесілі бюджет көлемі жөнінде сауалдарға жауап берді.