Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестіктің ортақ бағыттары айқындалды

Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің ортақ бағыттары айқындалды.

Бүгін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Еуроодаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының мән-маңызы айтылып, "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдаудың негізгі қағидалары талқыланды. Еліміздің суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу тетіктері, әсіресе Мәжілісті қалыптастырудың пропорционалды-мажоритарлы жүйесіне көшу жайы сөз болды. Тараптар палаталардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды тіркеу тәртібін ырықтандыру, жергілікті өзін өзі басқару институттарын жетілдіру, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалау, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.