«AMANAT» партиясының жанынан жаңа диалог алаңы жұмысын бастады

Бүгін «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан «TALQYLAU» жаңа диалог алаңы өз жұмысын бастады.

Парламент депутаттары, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысқан алғашқы талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және аралас сайлау жүйесіне көшуге арналды. Талқы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде интерактивті форматта өтті.

«AMANAT» партиясы ашық, кәсіби және тең жағдайда жария диалогтың жаңа стандартын қалыптастыруды көздейді. Отырыстың негізгі уақытында саяси жүйені трансформациялау және аралас сайлау жүйесіне көшу туралы пікірталас болды. Спикерлерге залдағы сарапшылар мен қатысушылар ғана емес, сонымен қатар онлайн арқылы көрермендер де сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Пікір алмасу үшін жақсы алаң. Мен ойлаймын мұны болашақта жалғастырып, нақты проблемалармен тоқталсақ, қалай шешу жолдарын қарастырып, жай талқылау емес, тиісті мемлекеттік органдарды, сарапшыларды шақырып, нақты шешімдер іздеп бүкіл қауыммен талқылап жаңа жобаларды шығару керек деп ойлаймын.