Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

2022 жылғы 30 наурыз

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды. 

Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.