Жердің иесі – халық –Тоқаев

Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы норманы Конституцияда біржола бекіту керек деді. Сондай-ақ бұл мәселе алдағы уақытта мүлдем талқыланбау қажет екенін айтты. Сол себепті негізгі заңның 6-бабына дереу өзгеріс енгізуді тапсырды. Ел арасында «жердің иесі халық, қойнаудан алынып  жатқан байлық та халыққа тиесілі» деген түсінік жиі айтылады. Президент осыны заңмен бекітуді ұсынып отыр.

Ақордада өткен жиында Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен Мәслихаттың қызметін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мықтап қорғау сынды мәселелер талқыланды.