Өзбекстанда су лимиті белгіленді

Өзбекстанда су лимиті белгіленді

Орталық Азия елдері гидрологиялық кезеңде Сырдария суын пайдалануға қатысты жаңа келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда Түркістанда өткен мемлекетаралық комиссия отырысында Қазақстандағы Шардара қоймасына жоғарыдан тағы 4 млрд текше метр су түсетіні белгілі болды. Оның біршама бөлігі шаруашылыққа қолданылып, қалғаны кіші Аралға құйылуы тиіс. Бұған дейін вегетацияаралық кезеңде Шардара арқылы 8 миллиард су өткізілді. Қазір еліміздің гидролог мамандары Сырдарияның жоғары жағында отырған елдерде арнайы сапармен жүр. Олар Орталық Азия мемлекеттерінің белгіленген лимитке сай міндеттемелерді орындауын қадағалайды. Қазақстандық сарапшылар бұған дейін Сырдария арнасының Өзбекстанда жиі өзгертілетінін айтқан болатын. Әрі тіршілік нәрінің ысырапсыз жұмсалатынын да тілге тиек еткен. Бұл бағытта көрші мемлекет тиісті шараларды қолға алып жатқанын жеткізді.

Денис Сорокин мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы бөлімінің басшысы:

– Таяуда Қазақстанның Түркістан қаласында мемлекетаралық комиссияның 82-отырысы өтті. Сырдария суын пайдалану туралы әр елдің лимиті белгіленді. Әрі су электр станциялары каскадының жұмыс режимі де қаралды. Шардара бассейніне түсетін су биыл 12 млрд текше метрге жетеді. Бұл орташа қалыпты көрсеткіш. Өзбекстан сол жиында бекітілген лимитті орындайтын болады. Мұнымен қоса, гидрологиялық посттарды автоматтандыру, суды дұрыс есептеу құрылғыларын орнату сынды міндеттерді қолға алады.