Референдум заң үстемдігін нығайтады

Референдум заң үстемдігін нығайтады

Жалпыұлттық референдум еліміздегі құқық үстемдігін нығайтады. Бұған құрылатын Конституциялық сот айқын дәлел.

Қостанайлық прокурорлармен кездескен Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков осылай деді. Ендігәрі құқығы бұзылып, әділдік іздеген азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады. Себебі бұл мекеменің Ата заңға сәйкес келмейтін жергілікті кеңес, атқарушы органның нормативті-құқықтық актілердің күшін жоюға пәрмені бар. Халықтан бөлек Бас прокурор мен адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі берілмек. Осы ретте болашақ заңгерлердің білім сапасына ерекше көңіл бөлінгені жөн деп есептейді сенатор. Қазір елімізде 120-ға жуық жоғарғы оқу орны болса, солардың тең жартысы заңгерлерді дайындайды. 

Владимир Волков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазір түрлі құқықтық нормаларды Конституциялық кеңес түсіндіреді. Алайда халық ол органға тікелей жүгіне алмайды. Оның жұмысы келер жылға дейін жалғасады. Ал 2023 жылдан бастап адамдардың арызын қарайтын Конституциялық сот құрылады. Бұл органның болуы заң үстемдігінің бір белгісі деп түсінуіміз керек.