Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барды

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.