Қоғамды дамытуға қатысты тың идеяларды қабылдайтын платформа әзрленуі мүмкін

Қоғамды дамытуға қатысты тың идеяларды қабылдайтын арнайы платформа әзрленуі мүмкін.

Бүгін жастар Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесуде осындай бастама көтерді. Ұсыныс жерде қалмай, қолдауға ие болды. Іле-шала тиісті мекемеге арнайы жүйе жасау жөнінде тапсырма берілді. Өскелең ұрпақ өкілдері көші-қон саясаты, қоғамның дертіне айналған нашақорлықпен күрес сынды мәселелерді де ортаға салды. Тұшымды ұсыныстар айтты. Енді бұл идеялардың бәрі сараланып, тиімдісі іске асады. Жас отбасыларды баспанамен қамту үшін жеңілдікпен ипотекаға пәтер беру бағдарламасын іске қосу көзделеді. Қазір тиісті жоба 3 өңірде қолға алынды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Бүгін көтерілген жастардың негізгі сұрағы мына референдумға байланысты. Оған жастардың қатысатыны туралы. Болатын өзгерістерді жастардың терең білетінін мен бүгін байқадым ол біріншіден. Екіншіден, мына қабылданатын бағдарламаға байланысты шешімдердің жолдары да біраз анықталды. Біраз шешілген сұрақтар да бар. Өткенде 17-ге дейін көтерілген сұрақтардың  10-ынан артық шешімдері бүгіннің өзінде жүзеге асып жатыр. 

Олжас Сүлейменов, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңес мүшесі: 

- Жастар саясаты бір ғана саланы қамтымайды. Көптеген салалар жастарға тиісті. Әр министрлікпен қазіргі кезде ұсыныс, кеңес беріп, жастар қандай мәселелер көтеріп жатыр, сол мәселелерді жеткізі. Былай айтқанда, жастар мен үкімет ортасында алтын көпір болу.