Парламенттің VII шақырылымы таратылмайды – А.Мұқанова

Парламенттің жетінші шақырылымы таратылмайды. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова айтты. Сондай-ақ вице-министр Президенттің жергілікті басқару органдарындағы өкілі саналатын облыс немесе қала әкімдерінің партия құрамында қалу немесе одан шығу құқықтары жөнінде айтып берді.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

- Бізде партия ұсынған, партияның мүшесі болып табылатын әкімдеріміз бар. Біз партиялармен тиісті кездесулерді бұл мәселе бойынша өткізген болатынбыз. Қазіргі таңда әкімнің орнын босату негіздерінің бірі ол партия құрамынан шығуы.