Сенат жұмысын жетілдіру керек – Әшімбаев

Конституциялық реформа Парламентке жауапты міндеттер жүктейді. Сенат төрағасы осылай деді. Мәулен Әшімбаев азаматтар Президенттің Жаңа Қазақстан құру жолындағы бастамаларына қолдау білдіргенін тілге тиек етті. Ендігі міндет елдің қалауын іске асыру екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы айтқандай, конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Бұл Парламентке үлкен әрі жауапты міндеттер жүктейді. Конституциядағы өзгерістерге сәйкес ұлттық заңнамаға тиісті түзетулер енгізуіміз қажет. Осыған орай Сенат жұмысын да жетілдіру керек.