Қазақстан премьері қырғыз үкіметінің басшысымен кездесті

Қазақстан премьері қырғыз үкіметінің басшысымен кездесті

Үкімет басшысы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысымен екі жақты келіссөз жүргізді.

Кездесуде мемлекет басшылары қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Екі ел арасындағы сауда көлемін 2 миллиард долларға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ тараптар индустриялық сауда-логистикалық кешенді салу, қоршаған ортаны қорғау, су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне де тоқталды.