Қазақ-Қатар қатынасы нығаяды – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы қыркүйекте Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының бірінші отырысын құптайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақордада Катар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдул-рахман Әл Таниды қабылдау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Мұхаммед бен Абдул-рахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.