Е.Қошанов: Елде жаңа саяси мәдениет қалыптасып келеді

Президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі мен өкілеттік мерзімінің қысқаруы Қазақстанда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасқандығын аңғартады. «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет Берік Уәлимен» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы осылай деді.

Бұл қадам Мемлекет басшысының елдегі кез келген саяси шешімдерді барынша ашық әрі әділ қабылдауға дайын екендігінің көрсеткіші.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Жалғыз Президент сайлауы емес, бүкіл саяси жүйенің жаңғыруы туралы айтты Президент. Келесі жылы Парламент сайлауы болады. Үкіметтің де қайта жасақталуы. Осының бәрін алдын ала шегелеп айтып берді. Бұл нені көрсетеді? Біріншіден, шынайылығын көрсетеді. Екіншіден, ашықтық. Сол кезінде саяси реформалар жариялағанда Президент жасандылықтан кету керек деді. Соның үлгісі.