Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мүмкіндіктерге жол ашады – Ильгар Велизаде

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру Каспий теңізінде ынтымақтастықты күшейтіп, көрші елдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірбайжандық сарапшы Ильгар Вели-заденің пікірінше, бұл аймақ елдерінің транзиттік әлеуетін дамытуға да септігін тигізеді.

Ильгар Велизаде, кеңістіктік сараптау каспий орталығының басшысы:

– Геосаяси жағдайға байланысты қазір біздің аймақтағы көптеген көлік дәліздері Транскаспий көлік бағытымен өтеді. Онда Қазақстан маңызды рөлге ие. Осыған байланысты Ақтау, Құрық порттарының мүмкіндіктерін ұлғайту ауқымды көлік жобаларын іске асыруға оң ықпал етеді. Бұл Қазақстанның ғана емес өзге мемлекеттердің де экономикалық мүддесіне сай келеді.