АҚШ пен Қазақстанның экономикалық серіктестігі нығайып келеді

АҚШ пен Қазақстанның экономикалық серіктестігі нығайып келеді

АҚШ бізден алыс жатса да, алыс беріс көбейді. Екі ел биыл жарты жылда 1,3 млрд доларға тауар тасыған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 процентке көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көңіл көншітетіні импорт көлемі артқан. Яғни қазақ сахарасынан мұхит асатын тауарлар 10 процентке өскен. Дегенмен бұл көрсеткіштер екі тараптың да әлеуетіне қарай тоқмейілсіп, тоқтап қалатын жетістігі емес. Бұл туралы бізге сұхбат берген америкалық сарапшы былай деді.

Эдвард Лемон, Орталық Азия істері жөніндегі «Оxus society» қоғамдастығының президенті:

- Cоңғы 31 жылдың ішінде, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, АҚШ пен Қазақстан өте тығыз, екі жақты қарым қатынасты ұстанып келеді. АҚШ-Қазақстан үшін ең үлкен инвестор саналады. Тек мұнай-газ саласында емес, одан бөлек түрлі секторда жұмыс істеп жатырмыз. Вашингтондағы, Конгресстегі және Ақ үйдегі әріптестермен пікір алмасқанда, шынымен Қазақстан АҚШ үшін бағалы әріптес екенін байқаймын. Меніңше, қазақ елін, тәуелсіздігін қолдау мақсатында ортақ көзқарасамыз бар.

АҚШ соңғы отыз жылда Қазақстанға 57,5 млрд. доллар инвестиция құйды. Ал биыл бір тоқсанда 1,8 млрд қаржы салған.

Камран Бохари, «Newline institute» орталығының аналитикалық даму мәселесі жөніндегі директор:

- Менің ойымша дәл қазіргі уақытта АҚШ стратегиялық тұрғыда өзінің байланысын тереңдететін елдің бірі - Қазақстан. Екі ел қарым-қатынасы АҚШ-на келетін қауіп қатерлерді еңсерудің жолы деп санаймын. Қазақстан аймақтағы жетекші ел, Орталық Азия ғана емес, тұтас Еуразия құрлығында маңызды орыны бар мемлекет. Екі елдің байланысы позитивті бағытта өрбіп келеді, десе де біздің әлі де әріптестікті тереңдете түсетін салалар жетерлік.

АҚШ шынымен қазақ еліне қаржы құю жағынан Нидерландыдан кейін екінші тұрған ел. Көрші тұрған Ресей, Қытайменде дәл осы саудаға келгенде сальдо да, статиска да АҚШ-пен сияқты ауыз толтырып айтарлықтай емес.

Екі ел бірлесіп құрған 562 кәсіпорын экономиканың әр саласында табысты жұмыс істеп жатыр.