Қ.Тоқаев Т.Әубәкіровті қабылдады

Қ.Тоқаев Т.Әубәкіровті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Халық қаһарманы, Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген бастамалар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.