Қазақстан Президенті Иерусалим Патриархымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы үшінші Феофилмен кездесті. Тараптар дінаралық және конфессияаралық диалог жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Патриархқа съездің жұмысына қатысқанына ризашылығын білдірді. Бұл Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы. Мәртебелі мейман бейбітшілік, келісім және өзара құрмет сынды құндылықтарды дәріптеуде әлем көшбасшылары батыл шешімдер қабылдау керек екенін тілге тиек етті.