Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысының жұмыс кестесі бүгін өте тығыз. Бұл түсінікті де. Съезге келіп жатқандар Президентпен кездесіп қалғысы келеді.

Сонымен Иерусалим Патриархынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады. Кездесуде конфессияаралық диалог сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал ететінін атап өтті. Сосын «бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту керек» деді. Өз кезегінде Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Мемлекет басшысына жуырда Бакуге жасаған сапарына оң баға беріп, еліміздің діндер мен өрткениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын айтты.