Қ.Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен кездесті

Келесі жылы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толады.

Мерейтойға дайындық аясында Қазақстан Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жөндеуге айтарлықтай үлесін қосады. Мұны Мемлекет басшысы айтты. Съезден аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен кездесті. "Біз өзіңіз басқаратын «Әл-Азһар» университетін ортақ дініміз – ислам құндылықтарын дәріптеуші «шамшырақ» ретінде қарастырамыз. Сондықтан толеранттық пен ұстамдылықты, сабырлық пен мейірімділікті ту еткен орталық ғұламаларының бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы біз үшін өте маңызды", – деді Президент. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президентіне ыстық ықыласқа толы сәлемін жолдады. «Әл-Азһардың» Жоғарғы имамы да Мемлекет басшысына Мысыр Президентінің жүрекжарды сәлемін жеткізді.