Дін көшбасшыларының сьезі аясында бүгін 4 секциялық отырыс өтеді

Делегаттар тәуелсіздік сарайының әр бұрынышында толғандырған мәселелерді талқыға салуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын осыдан бір сағат бұрын басталды. Мұнда дін өкілдері мен қатар білікті сарапшылар да өз ойларын ортаға салуда. Мәселен, «Жусан» операциясы аясында елге оралған қыз-келіншектермен жұмыс істейтін білікті психолог Лола Шәкімова, адасқан әйелдер мәселесін көтермек. Маман дін мен терроризм деструктивті ағымдар үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын атап өтті. Дін ешқашан адамдарды зорлық-зомбылықұа үгіттемейді. Керісінше жақсылық жасап, қамқор болуға үндейді-дейді.  Бұл ретте әйелдердің рөлі өте зор. Әйел отан деген түсінік егіз ұғым. Өйткені болашақ ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін ана. Сол себептен отбасылық құндылықтарды дәріптеп, әйелдердің азаматтық ұстанымын жоғарлату қажет-дейді психолог. Бұл ретте  Сириядан елге оралған әйелдер қыз-келіншектермен түрлі кездесулер өткізіп тұрады. Олар өздері жіберген қателіктерге өзгелер ұрынбас үшін осындай игі істі қолға алыпты. Осы тұста сәл кідіріп, бүгінгі жиынның мән-мазмұнынын түсіну үшін Лола Шәкімованың пікіріне құлақ түрейік.