Қ.Әбденнің сенімді өкілдері қол жинауға кіріседі

Қарақат Әбденнің ел президенттігіне үміткер ретінде тіркелуіне еш кедергі жоқ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған өтінімнің, конституциялық заңға сәйкестігін анықтады, хабарлайды «Хабар 24».

Қарақат Әбден – ел азаматы әрі ғұмырының 48 жылын Қазақстанда өткізген. Мемлекеттік қызметте және сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда 9 жыл жұмыс істеген. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген әрі жоғары білімі бар. Енді қаулыға сай үміткердің сенімді өкілдері қол жинауға кіріседі.