ОСК: Қ.Тоқаев кандидат ретінде тіркелді

Кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев кандидат ретінде тіркелді. Халық коалициясы үміткерді жақтаушылардан қажетті көлемдегі қол жинаған. Мұны Орталық сайлау комиссиясы растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжат заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.

Ерлан Қошанов, ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сенімді уәкілі:

– Тиісті құжаттар бәрі тапсырылғаннан кейін ресми тіркеуден өтіп, қажетті құжаттарды тіркеу туралы куәлікті біз қолымызға алдық. Енді заңнамаға сәйкес үгіт-насихат жұмыстары рұқсат берілген күннен бастап, біздің республикалық және өңірлік қоғамдық штабтарымыз жұмыстарын істей бастайды.