ОСК кандидат Н.Әлтаевтің сәйкестігін белгілеуді тоқтатты

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Нұржан Әлтаевтің сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Астана қаласы Байқоңыр ауданы сотының «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының Президенттікке кандидат ұсыну туралы №19 хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті. Сот шешімі негізінде, сондай-ақ, Конституцияның 76-бабының 3-тармағына сәйкес, кандидат Нұржан Әлтаевтың сәйкестігін белгілеу тоқтатылды.