ОСК: кандидат Ж.Әлиев емтихан тапсырды

Кезектен тыс президентті сайлауға түсіп жатқан кандидат Жұматай Әлиев лингвистикалық емтихан тапсырып, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін дәлелдеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткер «Түркістан – ер түріктің бесігі» тақырыбында жазды. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқып, «Адал еңбек – игілік көзі» тақырыбында сөз сөйледі. Естеріңізге сала кеткен жөн, 2019 жылы президент сайлауына түскісі келген Жұматай Әлиев бұл сыннан өте алмаған болатын.