Мемлекет басшысы Палестина президентімен кездесті

Қазақстан Палестинамен екі жақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмуд Аббаспен  кездесу барысында айтты.

Қос тарап  өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері жайында пікір алмасты. Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзін жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.