Омбудсмен мәртебесі көтеріледі

Бұл адам құқықтарын сақтауға қатысты бақылауды күшейтеді. Әрі мемлекет халықтың сұранысына жедел жауап береді. Мұны Президент айтты.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты қабылдады. Мемлекет басшысына аталған бағытта жұмыс істейтін комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді.

Сонымен қатар Еуропа Кеңесі мен Венеция комиссиясының жұмыс барысы баяндалды. Қазан айында Венеция комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын талқыламақ. Кездесуде арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын алу мәселесі де қаралды. Мемлекет басшысы: «Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі», – деді.